(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҰНАРАЛЫ ГРАДИРНЯЛАРДЫ ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕГІ КЕСІЛГЕН АҒ...

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 580 бұйрығына

2-қосымша

 

Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мұнаралы градирняларды жөндеу кезіндегі кесілген ағаш материалдары шығысының нормаларын есептеу

әдістемесі

 

 

1. Осы Мұнаралы градирняларды жөндеу кезіндегі кесілген ағаш материалдары шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және жылу электр станцияларының мұнаралы градирняларын жөндеу кезіндегі кесілген ағаш материалдарының шығысын айқындауға арналған.

2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) жөндеу - жабдықтың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттелігін қалпы келтіру және оның құрамдас бөліктерінің ресурстарын қалпы келтіру жөніндегі операциялар кешені;

2) электр станциясы - құрылыс бөлігін, энергияны түрлендіру үшін жабдықты және қажетті қосалқы жабдықты қамтитын, электр және жылу энергиясын өндіруге арналған энергетикалық объект;

3) гидросалқындатқыш - циркуляциялық суды салқындатуға арналған жылу алмастарытын құрылыс;

4) градирня - салқындатылатын судың температурасын тиімді төмендету үшін ауа күші пайдаланылатын гидросалқындатқыш;

5) мұнаралы градирня - күш сорғыш мұнараның көмегімен жасалатын градирня.

Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

3. Әдістемеде нормаларды есептеу кезінде градирнялардың ағаш суландырғыштарының неғұрлым оңтайлы техникалық шешімдерін, реконструкцияларын іріктеу орындалды.

4. Турбиналарды пайдалану режимінің өзгеруіне байланысты бірқатар градирнялардың шашыратқыш типке ауысуына байланысты, Әдістемеде судың шашыратқыш градирнялардан шығарылуын болғызбайтын су ұстағыштарды құрылғылауға материалдар шығысының нормалары келтірілген.

5. Градирнялардың ағаш бөлшектерінің талап етілетін мөлшері осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес 1 - 5-кестелерде келтірілген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.